Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022

Ақтауда мұнай-химия кешенін салу жоспарлануда

4550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Маңғыстау облысын дамытудың өзекті кешенді жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда мұнай-химия кешенін салу жоспарлануда

«Өнеркәсіп саласында «Дунга» кен орнын игерудің үш кезеңін іске асыру, Ақтау қаласында мұнай-химия кешенін салу және басқалары жоспарланған. Агроөнеркәсіптік кешен салаларында 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда. Туризм саласында 14 нысанның құрылысы күтілуде», деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Сондай-ақ өңірде 1059 км жергілікті маңызы бар автожолдарды, 87,9 км электр желілерін, 116 км жылу желілерін салу және жөндеу, сондай-ақ тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының тоғыз жобасын салу көзделген.

«Әлеуметтік саланы дамыту аясында аудандық орталық аурухана, 24 мектеп және 11 қосымша құрылыс салу, бес колледжді жабдықтармен жабдықтау қарастырылған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маңғыстау облысында өнеркәсіп көлемі 28%-ға, туристер ағыны 4,6 есеге артады, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100%-ға жетеді және 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», деп қосты министр.