Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Маңғыстауда 55 мың жұмыс орны ашылады – Нұрлан Ноғаев

4272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірді дамытудың өзектендірілген жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда 55 мың жұмыс орны ашылады – Нұрлан Ноғаев

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына келген жұмыс сапары кезінде өңірдің дамуына, тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспар жасауды тапсырып, Үкіметтің қолдауымен негізгі мәселелерді шешуге бағытталған кешенді жоспар әзірленді. Бүгінгі таңда кешенді жоспарды өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда кешенді жоспарды жасақтап, қабылдауға қолдау көрсеткен үшін Мемлекет басшысына облыс халқы атынан алғыс айтамын», деді өңір басшысы.

Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, өзектендірілген кешенді жоспар 226 іс-шарамен толықтырылған.

«Оның ішінде экономиканы дамыту аясында – 96, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша – 54, әлеуметтік сала және экологияда 63 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде шамамен 55 мың жұмыс орны құрылады деп күтіледі», деді Нұрлан Ноғаев.