Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022

Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы елшілігі Қазақстандағы оқиғаға баға берді

516 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЕҚЫҰ жанындағы Британиядағы Елшісі Қазақстан билігін «қаңтар трагедиясы» оқиғаларын тиімді әрі ашық тергеуді қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы елшілігі Қазақстандағы оқиғаға баға берді

Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы елшілігі  20 қаңтарда Венада өткен ұйымның тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстандағы жағдайдға баға беріп, мәлімдеме жасады.

«Жақын достар ретінде біз соңғы апталарда Қазақстан халқының бастан кешкен қайғылы оқиғаларына қатты алаңдаушылық білдірдік. Зорлық-зомбылық нәтижесінде адамдардың қаза тапқанын зор күйзеліспен қабылдадық  және марқұмдардың  отбасыларына көңіл айтамыз. Алматы мен басқа да өңірлердің тезірек қалыпты өмірге оралуына тілектестік білдіреміз», деді Ұлыбританияның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Нил Буш.

Британдық елші Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа үндеуінде, Алматыдағы және басқа қалалардағы бейбіт шерушілер мен «ұйымдасқан қылмыстық топ» арасындағы нақты айырмашылықты атап өткенін құптады. Бұл «конституциялық билікті құлатуды көздегені анық» деп атап өткен дипломат Қазақстанда орын алған оқиға «жан-жақты тергеуді қажет ететін мәселе» екенін баса айтты.

«Біз Қазақстан Президентінің болған оқиғалар мен өлімнің себебін анықтау үшін тергеу комиссиясын құру туралы шешімін құптаймыз. Қазақстан билігі бұл тергеуді тиімді әрі ашық болуын және Қазақстан халқының сеніміне ие болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін қолдаймыз», делінген Елші мәлімдемесінде.

Сондай-ақ мәлімдемеде Қазақстандық биліктің адам құқықтары мен халықаралық міндеттемелерін сақтауға берік кепілдіктері атап өтілді.

Сонымен қатар барлық ұсталғандар заңға сәйкес тиісті құқықтық рәсімді қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылды. Президент Қ.Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан Парламентінде бейбіт шерушілердің негізгі талаптарына жауап ретінде экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар жоспары туралы сөйлеген сөзінің мәтінінде британдық дипломат олардың орындалуына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Британдық елші Н.Буш екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығында қалыптасқан берік әріптестікке тоқтала отырып Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.