Президент • 25 Қаңтар, 2022

Президент логистикалық орталықтар салу жұмысы тоқтамайтынын айтты

2892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы шекаралық аймақтарда логистикалық орталықтарды салу жұмыстары жалғасын табатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент логистикалық орталықтар салу жұмысы тоқтамайтынын айтты

«Бірлескен кәсіпорындардың қарасы көбейіп келеді. Өнеркәсіп, энергетика және өзге салаларда да ортақ жобалар іске асырылуда. Уақытымен сауда саласындағы кедергілер де жойылып жатыр. Қажетті әуе рейстері мен темір жол бағыттары да ашылуда», деді Президент өз сөзінде.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы кедендік шекарадағы тәртіп мәселесіне қатысты жұмыстардың ширатылып жатқанын да атап өтті.

«Бизнеске кедергі келтіретін кәсіпкерлермен күрес күшейеді. Елімізге келетін импорт пен үшінші елдерге бағытталған тасымалдар зардап шекпейтініне сендіргім келеді. Үкімет пен құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар бердім. Шекаралық аймақтарда біз көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтары бар инфрақұрылым құруды жалғастыра береміз.», деді Президент.