Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022

Президенттің сынынан кейін ҚДБ басшысы қызметінен босады

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның даму банкі» АҚ басшысы Абай Сарқұловтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің сынынан кейін ҚДБ басшысы қызметінен босады

«Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның даму банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның даму банкі» сынға алған болатын.

«ҚДБ белгілі бір адамдарға қызмет көрсететін жеке меншік банкке айналды. Олар қаржы-өндірістік және құрылыс топтарының атынан шығып жатады. Біз әрбіреуінің аты-жөнін білеміз», деді Президент сол кезде.