Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022

«Самұрық-Қазынаның» тағы жеті топ-менеджері қызметінен босатылды

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес берілген өтініштер бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жеті топ-менеджері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz қордың сайтына сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазынаның» тағы жеті топ-менеджері қызметінен босатылды

Берілген өтініштерге сәйкес атқаратын қызметтерінен:

  1. Кравченко Андрей Николаевич, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі;
  2. Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры;
  3. Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры;
  4. Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бірлескен басқарушы директоры;
  5. Есполов Бектенбай Тілектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі бірлескен басқарушы директоры;
  6. Түсіпбеков Жанат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма Төрағасы;
  7. Қожақов Куат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры босатылды.