Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және еліміздің батыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Бизнестің жұмысына бөгет жасамау керек
Бірінші мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиялық ахуалдың нашарлағаны туралы баяндады. Оның айтуынша, вакциналауға жататын ересек тұрғындардың 80,2%-ы екпе алды.
Коронавирус инфекциясының «Омикрон» нұсқасының айналымы мен таралуынан туындаған аурудың өсуі әлемнің барлық елінде байқалады. ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елдің 43-інде ауру өршуде.
Жыл басынан бері республикада 178 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. «Пандемияның бүкіл кезеңімен салыстырғанда алғаш рет вирус жұқтыру жағдайларының тәуліктік тіркелуі 16 мыңнан асты, бұл «Омикрон» нұсқасының өте жоғары жұқпалығына және таралу жылдамдығына байланысты. Бүгінгі таңда Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел «қызыл аймақта» орналасқан», деді А.Ғиният.
Әзірге өңірлерде коронавирус инфекциясы әлі де өршіп тұр. «Сары аймақта» орналасқан Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл аймақта». Вирустың ең көп таралуы Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және елордада тіркеліп отыр.
Премьер-Министр елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес, карантиндік шектеулерді бизнес үшін жеңілдете отырып, қайта қарау тапсырылды. «Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек», деді Ә.Смайылов.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы – назарда
Үкімет отырысында батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы қабылданған Маңғыстау және Атырау облыстарының кешенді жоспарлары өзектендірілді, сондай-ақ Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына арналған жоспарлар әзірленді.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Батыс өңірлерді дамытудың кешенді жоспарлары 175 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 4 кешенді жоспарды қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,7 трлн теңге. Министрлік орталық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрақты жұмыс орындарын құруға тікелей және жанама мультипликативтік әсерлердің жоғары әлеуеті бар жобаларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізді.
«Ақтөбе облысының кешенді жоспары 92 іс-шарадан тұрады. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет – 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,2 трлн теңге», деді Ә.Қуантыров. Кешенді жоспар шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, цемент өндіру зауытын, титан-цирконий кендерін қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту кешенін салу және тағы басқа ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Сонымен қатар шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылады. Көптеген кәсіпорындар экспортқа бағдарланады деп күтілуде.
«Бұхара-Орал» магистралды газ құбырының үшінші желісін салу және 85 ауылды газдандыру, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілер салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 1 300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңғыртылады. Бұл өз кезегінде Ақтөбе қаласының «өсу орталығы» және еліміздің батыс бөлігіндегі ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құрылады. 18 ауылда денсаулық сақтау нысандары салынады. 224 мектеп жаңғыртылып, 16 орталық салынады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін екі жатақхана салу жоспарда бар.
Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар өсімін 2,5 есеге қамтамасыз етеді немесе 1,5 трлн теңгені құрайды, өнеркәсіп көлемі 1,6 есеге 2,8 трлн теңгеге дейін артады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 37%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 100%-ды құрайды.
Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары жалпы сомасы 2,6 трлн теңгені құрайтын 116 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 416 млрд теңге, жергілікті бюжет – 118 млрд теңге, жеке инвестициялар – 2,1 трлн теңге. Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында индустриялық аймақ құру, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салу жоспарланған. «Ауыл шаруашылығы саласында 2 жылыжай, 25 бордақылау алаңын, 10 тауарлы сүт фермасын салу, 4 шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру, суармалы жерлер алаңын 6,6 мың гектардан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту, Киров су қоймасын реконструкциялау көзделген», деді Ә.Қуантыров.
1 211 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 46 км жылумен жабдықтау желілерін және 2 051 км электр желілерін салу және қалпына келтіру, 29,7 км «Ростоши-Тайпақ» газ құбырын реконструкциялау, сондай-ақ Орал қаласында автоматтандырылған газ тарату стансасын салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, 1 842 км автожолға жөндеу және қайта жаңарту, Орал қаласының халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ емхана, кардиологиялық орталық, 74 мектеп, студенттерге арналған 650 орындық жатақхана және 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы салынады.
Батыс Қазақстан облысының кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде, 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 55%-ға және ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 56%-ға өседі, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 100%-ға жетеді, ал электр желілерінің тозуы 80%-дан 50%-ға дейін азаяды.
Атырау облысын дамытудың өзектендірілген кешенді жоспары жалпы сомасы 8,9 трлн теңге болатын 185 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 536 млрд теңге, жергілікті бюджет – 113 млрд теңге, жеке инвестициялар – 8,3 трлн теңге. Жоспар шеңберінде ауданы 400 га индустриялық аймақ құру, терефталь қышқылын өндіру зауытын және көтерме-тарату орталығын салу көзделген.
Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 6 жылыжай, 5 мал бордақылау алаңы, 3 құс фабрикасы, балық өсіруге арналған 7 тоған шаруашылығы, сүт өңдеу цехтары және басқалары салынады. «Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында 228 км электр желісін салу, 640 км автожолды жөндеу және қайта жаңарту, 13 елді мекенді газбен және сумен қамтамасыз ету, 6 ұңғыманы және «Тайсойған-Миялы» магистралды су құбырын салу және тағы басқа жобалар іске асырылады», деді Ә.Қуантыров.
Денсаулық сақтау саласында 2 емхана мен психикалық денсаулық орталығын, 9 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын және оңалту орталығын салу көзделген. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою және оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 48 мектеп салынады. Жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемі 35%-ға артады, халықты сумен қамту 100% қамтамасыз етіледі, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға дейін жетеді, 3,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде.
Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 375,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,6 трлн теңге.
Өнеркәсіп саласында «Дунга» кен орнын игерудің үшінші фазасын іске асыру, Ақтау қаласында мұнай-химия кешенін салу (3-кезең) және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Агроөнеркәсіптік кешені салаларында 25 инвестициялық жобаны іске асыру және балық шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда. Туризм саласында 14 нысанның құрылысы көзделген. Сонымен қатар
1 060 км жергілікті маңызы бар автожолдарды, 88 км электр желілерін, 116 км жылу желілерін салу және жөндеу, сондай-ақ тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының 9 жобасын салу көзделген.
Әлеуметтік саланы дамыту шеңберінде аудандық орталық аурухана, 24 мектеп және 11 жапсарлас құрылыс салу, 5 колледжді жабдықтармен жарақтандыру және тағы басқа да жұмыстар қарастырылған. «Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маңғыстау облысында өнеркәсіп көлемі 28%-ға, туристер ағыны 4,6 есеге артады, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 100%-ға жетеді және 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», деді Ұлттық экономика министрі. Жалпы, кешенді жоспарларды іске асыру батыс өңірлер экономикасының өсу қарқынын ұлғайтуға мүмкіндік береді, жеке инвестициялар ағынына серпін береді және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді. Айталық, 2025 жылға қарай төрт өңір бойынша шамамен 13 трлн теңге жеке инвестициялар тарту, 175 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру көзделген.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атап өткендей, жалпы, Кешенді жоспардың нақтыланған жобасы ҰЭМ және барлық орталық мемлекеттік органдармен келісілді. Кешенді жоспар жобасы жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрайтын 185 іс-шараны қамтып отыр. Нәтижесінде, республикалық бюджеттен 535,8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 112,6 млрд теңге, басқа қаражат көздерінен 8,3 трлн теңге, мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында 14,3 млрд теңге қарастыру жоспарлануда. «185 іс-шара 15 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, экономикалық даму бағыты бойынша: өнеркәсіп, ауыл және балық шаруашылығы, туризм, кәсіпкерлікті дамыту салаларында 8 трлн теңге көлемінде 78 іс-шараны іске асыру қолға алынады. Жалпы құны 728,8 млрд теңгені құрайтын 66 іс-шара тұрғын үй, су, газ, электрмен жабдықтау және транспорттық инфрақұрылым мен экология мәселелерін шешуге бағытталған», деді облыс әкімі.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы өзектендірілді. Кешенді жоспар жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңге болатын 6 бағыт бойынша 92 тармақты іске асыруды көздейді. «Кешенді жоспардың жаңа жобасына халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және білім беру нысандарын жаңғырту сияқты әлеуметтік маңызы бар жобалар қосылды», деді О.Оразалин.
Маңғыстау облысында жоспардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы өңір әкімі Нұрлан Ноғаев айтып берді. «Бүгінгі таңда бар шараларды тезірек іске асыру және атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы кешенді жоспар өзектендірілді. Өзектендірілген кешенді жоспар 226 іс-шараны қамтиды, оның ішінде экономиканы дамыту аясында 96, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша 54, әлеуметтік сала және экологияда 63 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде шамамен 55 мың жұмыс орны құрылады деп күтіледі», деді Н.Ноғаев.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірді дамыту жоспары туралы баяндады. Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары 116 іс-шараны қамтиды, оларды іске асыру үшін шамамен 2,6 трлн теңге қажет. Аталған қаражаттың 80%-ға жуығын жеке бизнес есебінен және мемлекет-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы тарту көзделген. Осындай ауқымды инвестиция көлемін тарту үшін өңірді дамытудың кешенді жоспарында көрсетілген мемлекеттік қолдау қажет. «Тікелей бюджеттік инвестициялардан басқа, өңір үшін маңызды тауарлық газбен қамтамасыз ету тәрізді мәселелерді атап өткім келеді. Батыс Қазақстан облысы Қазақстанға тауарлық газдың ірі жеткізушісі болып табылғанымен, біздің көптеген әлеуетті инвестициялық жобаларымыз газбен жабдықтауға техникалық шарттарды алудан бас тартқандықтан іске асырыла бермейді» деді Ғ.Есқалиев.
Мәселені Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қорытындылады. «Жоспарлар экономиканың жекелеген салаларын дамытуға ғана емес, сондай-ақ сапалы сумен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімді болуы, жаңа жұмыс орындарын құру сияқты маңызды мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс», деді ол.
Құжаттарда негізінен бюджеттен тыс қаражатты – квазимемлекеттік сектор мен жеке инвесторлардың қаражатын тартуға басымдық беріліп отыр. «Ең бастысы, өңір халқы оң өзгерістерді барынша сезінуі тиіс, болашаққа сеніммен қарап, жұмыс істеп, табыс тауып, өздерінің бизнестерін дамытып, жақсы емделіп, сапалы білім алуы қажет. Халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланған жөн», деді Ә.Смайылов.
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 10:27
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қоғам • Бүгін, 09:55
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 09:38
Маймыл шешегі 50 елде анықталды - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 09:25
Александр Бублик Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:18
Неапольда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 09:05
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар