Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022

Елімізде 26 градусқа дейін аяз күтіледі

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 26 градусқа дейін аяз күтіледі

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері елімізде қатты аяз күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында аяз 18-23 градусқа дейін, кей жерлерде 26 градусқа дейін жетеді.

28-29 қаңтарда батыста, сондай-ақ республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, қар жауады.