Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022

Атырауға «Спутник Лайттың» 3 мың дозасы жеткізілді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Препарат қала тұрғындарын коронавирус инфекциясынан қайта вакцинациялауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауға «Спутник Лайттың» 3 мың дозасы жеткізілді

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасының үш мың дозасы қалалық емханаларға, дәрігерлік амбулаторияларға және аудандық ауруханаларға таратылды.

«Спутник Лайт» препаратымен №1, 2, 3, 4, 5, 7, Геолог, Дамба және Еркінқала емханаларында, сондай-ақ жеті аудандық аурухананың егу пункттерінде қайта вакцинациялануға болады. Вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсынан кейін ревакцинация жүргізуге арналған», деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Халық үшін вакцинаның бұл түрі 25 қаңтардан бастап қол жетімді. Ревакцинация вакцинацияның толық курсынан кейін алты айдан ерте жүргізілмейді.

«Спутник Light» - бұл векторлық вакцина, оның құрамы «Спутниктің» бірінші компонентіне ұқсас», деп түйіндеді Асхан Байдувалиев.