18 Наурыз, 2014

Тапсырмалардың орындалуы ойдағыдай

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшы­­­­сы­ның 2013 жылғы 11 қазанда және 2014 жылғы 14 ақпанда өткен Үкі­меттің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойын­­ша кеңес өткізді, деп хабарла­ды Премьер-Министрдің баспасөз қыз­меті. Атап айтқанда, Президенттің мем­ле­кеттің қатысуымен жұ­мыс істейтін кәсіпорындарды жеке­меншік секторға беру үшін тізімін анықтау, геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын дайындау, «Самұрық-Қазына» АҚ құ­рамына енетін, компаниялардың өндіріспен тікелей айналысатын жұмысшыларының еңбекақысын көтеру және басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша мәселелер қаралды. Сондай-ақ, халықаралық «Қа­зақ­стан Жібек Жолы» деңгейінде көлік-ло­гис­тикалық жүйе құру, «Кендірлі» курортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныс­тар енгізу және жаңғырмалы табиғи ресурстарды пайдалану саласында отандық ғылымды дамытуға қолдау көрсету бойынша тап­сыр­малардың орындалу барысы қаралды. «Тұтастай алғанда, Президент тапсырмаларын орындау жақсы жүріп жатыр. Бірінші басшылар бұл мәселелер­ді айрықша назарда ұстауы керек. Біз мем­лекеттік органдардың есептерін тұрақты түрде тыңдайтын боламыз», деп түйіндеді кеңесті Серік Ахметов.