18 Наурыз, 2014

Ассамблея жұмысына қатысуда

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Швейцарияның Женева қала­сында Парламентаралық Одақтың 130-ші Ассамблеясы өз жұмысын бастады. Ол 20 нау­рызға дейін созылады. Аталған Ассам­блея­ға Пар­­­­­ламент Мәжілісінің Төрағасы Нұр­лан Нығма­­ту­лин бастаған қазақстандық деле­гация да қатысуда. Ассамблея шеңберінде бірқатар парламенттік шаралармен бірге, «Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 125 жылдығы: ПОА-ға мүше парламенттердің бейбітшілік пен демократияны нығайту бойынша міндеттемелерін қуаттау» тақырыбында пікірталас өткізу жоспарланған. Пікірталас аясында кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйледі. Қазақстандық парламентшілердің Женевадағы жұмыс бағдарламалары өте тығыз. Мәселен, Н.Нығматулиннің ПОА-дағы шетел парламенттері делегацияларының басшыларымен, атап айт­қан­да, Ауғанстан Волеси Жырғасы төрағасы А.Р.Ибрагимимен, Пәкістан Парламенті Ұлттық Ассамблеясының төрағасы С.А.Садикпен, сондай-ақ, Швейцария Ұлттық Жиналысының төрағасы Р.Люстенбергермен және Федералды Жиналыс Кантондар кеңесінің төрағасы Х.Германмен екіжақты кездесулері қарастырылған. «Егемен-ақпарат».