Әлем • 27 Қаңтар, 2022

Вакцина алғандар тізімі сатылып жатыр

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде вакцина алған азаматтар туралы мәліметтер базасы сатылымға шығарылды. Үкімет тексеру жұмыстарын бастады. Шенеуніктер базада жеке мәліметтер жоқ дейді.

Вакцина алғандар тізімі сатылып жатыр

COVID-19-ға қарсы вакцина ектіргендер туралы QR-кодтардың деректер базасы «даркнет­тегі» форум­да сатылымға шығарылған.

Сатушы база «мемлекеттік қызметтегі» қосым­ша­дан алынған деп мәлімдейді. Оның айтуынша, базада барлығы 48 миллион адам бар. Өткен жыл­дың соңына дейін шамамен осынша адам вакцина сал­дырған еді. Сатушы базаны қымбатқа бағалап отыр. Ол 100 мың АҚШ долларына сататынын айтты.

Сатушы алдымен үлгі жібереді, онда тек 10 мың адам бар. Базада келесі деректер қамтылған: аты-жөні­нің орыс және ағылшын тілдеріндегі алғашқы әріп­тері, туған күні, пациенттің жазба нөмірі, пас­порт нөмірінің алғашқы екі және соңғы үш саны, вакцинаның атауы және PNG форматындағы QR коды.

Тексеріс нәтижесінде, QR кодтарының жарам­ды­­лы­­ғын расталды. Яғни үлгідегі деректер ресми код­­тарды тексеру парағында көрсетілгенге сәйкес келеді.

Сейсенбі күні, яғни 25 қаңтарда Ресей Цифрлық даму министрлігі ақпараттың сыртқа шығып кетуіне байланысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, бұл ретте жеке деректерге төнген қауіп жоқ деп сендірді.