Бұған дейін хабарланғанындай, санаулы күндерден соң Қытай астанасы Бейжіңде төрт жылдықтың басты додасы – Қысқы Олимпия ойындарының жалауы желбірейді. Осыдан бірер күн бұрын Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті биылғы Ақ Олимпиадада Қазақстанның байрағын шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова ұстап шығатынын мәлімдеген болатын.

Екатерина Айдова Қазақстан құрамасы сапында ең алғаш рет 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасында өнер көрсетті. Кейіннен Сочи-2014 және Пхенчхан-2018 ойындарында ел намысын қорғады. 30 жастағы Айдова үшін Бейжің ойындары өз мансабындағы төртінші Олимпиада болмақ. Тәжірибелі спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің, 2017 жылғы Универсиада ойындарының жүлдегері, 2021 жылғы төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы саналады.
«Қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің байрағын көтеріп шығатын алғашқы қазақстандық спортшы қыз екенімді мақтан тұтамын. Көптеген атлет үшін бұл – алғашқы Олимпиада, ал кейбіреулері төртжылдық додасына бірнеше рет қатысқан. Алайда Олимпиадаға қанша рет қатыссаң да, ондағы сезім өзгермейді. Елің үшін мақтанасың және үлкен жауапкершілік барын түсінесің. Бейжіңде ел үмітін ақтау үшін бар күшімізді саламыз», дейді Екатерина Айдова.
Абзал Әжіғалиевтің еншісінде шорт-тректен Әлем кубогы кезеңдерінің барлық жүлдесі бар: 2017 жылғы Универсиада, 2011 жылғы Азия ойындарының медалі оның қоржынынан табылады. Абзал 2014 және 2018 жылдардағы Олимпиадаға қатысып, Пхенчханда Қазақстанның туын көтеріп шыққан болатын. Ол мұндай құрметке осымен екінші рет ие болып отыр.
«Олимпия ойындарында Қазақстанның туын алып шығу мен үшін үлкен абырой. Еліңнің байрағын ашылу салтанатында көтеріп шыққандағы сезім өмір бойы ұмытылмайды. Бізге сенім артқан барша жанкүйерге алғысымыз шексіз. Барлық олимпиадашылар атынан бұл бәсекені асыға күткенімізді айтқым келеді. Спортшыларға дайындалу үшін бар жағдай жасалды. Елде де, шетелде де дайындалдық. Енді Олимпиада айдынында ел намысын абыроймен қорғау үшін барымызды саламыз», дейді Абзал Әжіғалиев.
Осы орайда өткенге шегініс жасап, бұған дейінгі ақ қар, көк мұз үстіндегі ойындарда еліміздің Көк туын ұстап шыққан спортшылар мен олардың Олимпиадада қол жеткізген нәтижелеріне тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
Қазақстандық спортшылар тұңғыш рет Норвегияның Лиллехаммер қаласында (1994) өткен Қысқы Олимпия ойындарына қатысты. Онда Қазақстан туын трамплиннен секіруші, еліміздің төрт дүркін чемпионы, ТМД елдері кубогының иегері Қайрат Биекенов ұстап шықты. Олимпиадада ол 90 метрлік трамплиннен секіруде 49-орын алса (157,5 ұпай), 120 метрден секіруде 58-ші (35,2 ұпай) орыннан көрінді. Қайрат 2001 жылы спорттық карьерасын аяқтап, біржола бапкерлікке бет бұрды. Бүгінде трамплиннен секіруден Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері.
1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында алауы тұтанған Ақ Олимпиадада Көк туды ұстау мәртебесі Лиллехаммерде Қазақстан қоржынына үш жүлде салған шаңғышы Владимир Смирновқа бұйырды. Владимир Смирнов Наганода да жүлдегерлер қатарынан көрініп, Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді. 1999 жылы спорттық мансабын аяқтап, 2000 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Ал 2002 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан биатлон федерациясының президенті қызметін атқарды. Сондай-ақ Смирнов 2014-2015 жылдары «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры болды.
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен XIX Қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан байрағын конькимен жүгіруші Радик Бикчентаев ұстап шықты. Радик Бикчентаев сол кездегі құрамадағы үш Олимпиадаға қатысқан (1994, 1998 және 2002 жылдары) тәжірибелі спортшының бірі еді. Оның Олимпиададағы ең үздік көрсеткіші 16-орын болды. Бұл нәтижеге ол 1994 жылы Лиллехаммерде 5 000 метр қашықтыққа жүгіруде қол жеткізген еді. Р.Бикчентаев конькимен жүгіруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы және төрт рет ел біріншілігінің қола жүлдесін иеленді. Сондай-ақ 1999 жылғы Қысқы Азия ойындарында алтын медаль алған. Ол бүгінде Қазақстанның конькимен жүгіру федерациясының атқарушы директоры.
2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен Олимпиадада еліміздің Көк туын хоккейші Александр Корешков ұстады. Туриндегі хоккей бәсекесінде Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде «В» тобында сынға түсіп, екі ұпаймен алты құраманың ішінде бесінші орын алды. Сөйтіп іріктеуден іркілген құрамамыз Олимпиаданы ерте аяқтауға мәжбүр болды.
2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында жалауы желбіреген Қысқы Олимпия ойындарында Қазақстанның туын биатлоншы Диас Кенешев алып шықты. Ту ұстаушы бұл дүбірлі додада көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмады.
Сочи Олимпиадасында (2014) Көк туды ұстап шығу шаңғышы Ердос Ахмадиевке сеніп тапсырылды. Ту ұстаған спортшымыз шаңғыдан 15 шақырымдық классикалық стильде жүгіруден сынға түсіп, мәреге 54-ші болып келді.
Әзірше Қазақстан құрамасы қатысқан соңғы Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанның Көк туын, жоғарыда айтып өткеніміздей, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шықты. Әжіғалиев Оңтүстік Кореядағы ойындарда 500 метр және командалық эстафета жарысында бақ сынады. 500 метрге жүгіруде 9-орынға табан тіресе, эстафетада үздік алтаудың қатарынан көрінді.
Бұл жолы қалай болар екен?..
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Бүгін, 22:57
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Бүгін, 22:56
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Бүгін, 22:55
Кино • Бүгін, 22:45
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Бүгін, 22:44
Өнер • Бүгін, 22:42
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 22:40
Қоғам • Бүгін, 22:38
Аймақтар • Бүгін, 22:37
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 22:15
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:51
Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытуда келіссөз жүргізіп жатыр
Үкімет • Бүгін, 21:35
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Бүгін, 21:12
Елордалықтар «Президенттік хабарландыру» пилоттық жобасына қосылды
Елорда • Бүгін, 20:47
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:22
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Бүгін, 20:06
Қазақстан мен Түркия педиатрия саласында бірлескен жобаны іске қосады
Медицина • Бүгін, 19:43
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 19:28
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Бүгін, 19:10
«7-20-25» және «Нұрлы жерді» жаңа бағдарлама алмастырады
Қоғам • Бүгін, 18:45
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Бүгін, 18:28
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:52
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Бүгін, 17:40
Қазақстанда маймылшешек ауруы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 17:32
Нью-Йорк метросында атыс болды
Әлем • Бүгін, 17:20
5 адамды өлтірген алматылық атқыш жазасын Қостанай облысында өтейді
Оқиға • Бүгін, 17:17
Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 17:00
Қазақстан құрамасы әлем кубогінде 4 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:53
Польша Ресеймен газ жеткізу туралы келісімді бұзады
Әлем • Бүгін, 16:43
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:34
«Болашақ» бағдарламасының техникалық мамандықтарға грант саны өсті
Білім • Бүгін, 16:30
Филиппинде паром өртеніп, 7 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:17
Биыл 92 бала көлік астына түскен
Қоғам • Бүгін, 16:08
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 15:55
Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Елордада күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Елорда • Бүгін, 15:31
Украинаның Жоғарғы Радасы әскери жағдайды ұзартты
Әлем • Бүгін, 15:24
Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 15:15
Ұқсас жаңалықтар