Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша, олар үшінші тур аясындағы Италиямен өтетін ойында алаңға шықпайды. УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов Словениямен өткен кездесуде «қызыл қағаз» алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде де алаңға шыға алмайды.
Сонымен қатар шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Ойыншының коронавирусқа қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір апта (31 қаңтарға дейін) карантинде болады. Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы ертең Италия футзалшыларымен кездеседі. Егер біздің құрама жеңіске жетсе, жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алады.