Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022

Ертең ауа райы қандай болады?

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 28 қаңтарына Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен маңызды ауа райы құбылыстарының болжамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Ертең ауа райы қандай болады?

«Еліміздің басым бөлігіндегі ауа райының тұрақсыз сипатына атмосфералық фронтальды бөлімдер себепші болады, яғни жауын-шашын, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің орталығы мен шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман, батысында, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде төмен бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктері аудандарында тұман, таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы, тау бөктері аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығыста жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, күндіз оңтүстік-батыста, таулы аудандарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.