Президент • 27 Қаңтар, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысып жатыр

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммиті басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысып жатыр

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болғанын хабарлады. Атап айтқанда, іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданбақ.

Онлайн өтіп жатқан талқылауға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.