Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдердің жалақысы туралы жиі жазыла бастады. Қазірдің өзінде бірнеше әкімнің еңбекақысына қанша алатыны белгілі. Мәселен, бұған дейін Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Түркістан секілді бірнеше облыстың әкімдері жалақысының көлемі жарияланды.

Осы орайда, былтырғы шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенін айта кеткен жөн. Жаңа ережеге сәйкес, еңбекақы лауазымның маңызына байланысты төлене бастады. Соған байланысты облыстар әкімдерінің жалақысы екі есеге жуық көбейді. Мәселен, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айлығы 1 миллион 954 мың теңгені құрайтынын жеткізді. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің де жалақысы осы шамалас – 1,9 миллион теңге. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да жалақысын жасырған жоқ, шамамен 1,8 миллион теңге еңбекақы алады. Дегенмен былтырғы 1 шілдеге дейін Г.Әбдіқалықова 986 мың теңге жалақы алып келген.
Әрине, журналистер қойған сұрақтарға жауап беріп, жалақысын жасырмаған әкімдерге ашықтығы үшін алғыс айтамыз. Өкінішке қарай жалақыға қатысты журналистердің қойған сұрағынан жалтарған әкімдер де бар. Олар түрлі себептерге байланысты еңбекақысын айтудан бас тартты. Әлде олар атқарған еңбегі мен ақысы арасында алшақтық бар деп ойлай ма?!
Бір қызығы, қарапайым тұрғындар үшін жерлес әкімдердің жалақысын білгеннен гөрі, мұхиттың арғы бетіндегі шаһар басшыларының еңбекақысын есептеген оңайға соғып тұр. Өйткені дамыған елдерде лауазымды қызмет атқаратын адамдардың бәрі жалақысын, қосымша табысын, мемлекет есебінен жұмсалған қаражаттың есеп-қисабын беруге міндетті.
Мәселен, үйде отырып-ақ Вашингтон қаласы мэрінің табысын анықтау қиын емес. Шаһар әкімшілігінің сайтында бүкіл ақпарат көрсетілген. Қазіргі таңда Мюриел Баузер ханымға әкім лауазымын атқарғаны үшін жылына 220 000 доллар төленеді. Нью-Йорктің басшысы Билл Де Блазионың жылдық жалақысы 258 750 долларға тең. Айта кетерлігі, биыл Билл мырза лауазымын босатады. Ал оған дейін, яғни 2002-2013 жылдары Нью-Йоркті 12 жыл басқарған, әлемдегі ең бай адамның бірі Майкл Блумберг әкімге берілетін жалақыдан мүлдем бас тартқан екен. Сөйтіп, оған символдық түрде 1 доллар ғана төленген.
Ашық ақпараттың озық үлгісін Ұлыбританиядан байқай аламыз. Мысалы, ел орталығы Лондонның басшысы Садық Хан жыл сайын 152 734 фунт-стерлинг еңбекақы алады. Шаһар әкімшілігінің сайтында Садық Ханның әр жылда жұмсаған шығындары бүге-шігесіне дейін көрсетілген. Мәселен, Лондон мэрі 19 мамырда Лондоннан Йорк қаласына бару үшін 196 фунтқа пойызға билет сатып алған. Ливерпульге бару үшін 104 фунтқа, Бристолға бару үшін 85 фунтқа пойызға билет алған. Мұның бәрі бюджет есебінен төленгендіктен, шығынның бәрі әкімдіктің сайтында тұр. Бұл аз десеңіз, Лондон мэріне берілген сыйлықтардың тізімі жарияланған. Мысалы, осы тізімге көз жүгіртіп отырып Садық Ханға құны 100 фунт-стерлинг тұратын көзәйнек, бағасы 50 фунт-стерлингті құрайтын кітап, түрлі спорттық шараларға билет сыйланғанын байқаймыз. Былтыр Англияда Еуро-2020 додасының бірнеше турнирі өткені белгілі. Қарт құрлықтың төрт жылда бір келетін доп додасының ойындарына құрметті қонақ болу үшін Садық Ханға бірнеше билет берілген екен. Мұндай ақпаратты да Лондон әкімшілігінің сайтынан біліп отырмыз.
Махаббаттың символы саналатын Париж қаласының мэрі Анн Идальго да жалақысын жасырған емес. Оған ай сайын 8 651 еуро еңбекақы төленеді. Шаһар әкімшілігінің сайтында Анн ханымның бүкіл шығыны, тапқан табысының бәрі көрсетілген.
Қысқасы, дамыған мемлекеттерде лауазымды қызмет атқаратын тұлғалардың жалақысы туралы мәлімет баршаға қол жетімді. Қалаған адам кез келген сәтте көруге мүмкіндігі бар. Мақаламызда үлкен қалалардың әкімдерінің ғана еңбекақысын шолып шықтық. Әйтпесе, президент, премьер-министр, депутат, министр секілді бүкіл лауазымды қызметтегілердің жалақысы жөніндегі деректер көпшілікке жарияланған. Батыс елдерінің демократиялық даңғыл жолға түсуі де осындай мәліметті ашық көрсетуінде жатқан шығар, бәлкім...
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті
Руханият • Бүгін, 12:17
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:05
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Спорт • Бүгін, 11:59
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:25
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 11:15
Ұқсас жаңалықтар