Спорт • 28 Қаңтар, 2022

Төрт титул сарапқа салына ма?

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 KO) биыл екінші орта салмақ дәрежесінде төрт титул үшін жұды­рықтасуы мүм­кін. Бұл туралы әйгілі бокс сарапшысы Майк Коппинджер мәлімдеді.

Төрт титул сарапқа салына ма?

Орта салмақтың екі үздігі арасындағы жекпе-жек осы жылдың қыркүйегінде ұйымдастырылмақ. Ал оған дейін «Канело» WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) қолғап түйістіреді деп күтілуде. Сондай-ақ Коппинджер тарат­қан тағы бір мәлімет бойынша Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн мексикалық боксшыға биыл екі жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірген.

Біріншісі – жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол­мен (19-0, 11 КО) 7 мамырда жұды­рық­тасу, екіншісі – жанкүйерлер төрт жылдан бері тағат­сыздана күтіп жүрген Голов­кин мен Аль­варес арасындағы трилогия. Бұл айқас екінші орта салмақ дәре­жесінде 17 қыр­күйекте төрт белдік үшін өтуі ық­тимал.