Оқиға • 28 Қаңтар, 2022

Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» экс-басшысы 2 айға қамауға алынды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы Экология, геология және табиғи ресрустар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» экс-басшысы 2 айға қамауға алынды

Бұл ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растады.

«2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А.Пірімқұлов пен М.К.Құмарғалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді», деп жазылған мәліметте.

Еске салсақ, 26 қаңтарда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталған болатын.