Спорт • 28 Қаңтар, 2022

Еуро-2022: Қазақстан Италиямен кездеседі

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойынын Италияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуро-2022: Қазақстан Италиямен кездеседі

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, аталған топта дәл сол уақытта Финляндия және Словения құрамалары кездеседі.

Екі турдан кейін 4 ұпаймен Қазақстан көш бастап тұр. Алдымен қазақстандық футзалшылар Словениямен 4:4 есебімен тең түссе, одан кейін Словенияны 6:2 есебімен тізе бүктірді.