«Өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге партия мүшелерінің қатысуын күшейту қажет. Мәслихат депутатының төсбелгісі облыс элитасына жататын ойдан шығарылған атрибут емес және жоғары лауазымдарға жолдама бола алмайды», деді Мемлекет басшысы, Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, мәслихат депутаты халық мүддесі жолында жұмыс істеуі керек. Сондықтан депутаттар мандатына байланысты айырмашылықты анық түсінуі керек.
«Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында тиісті беделі жоқ. Бұл қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде анық байқалды», деді Nur Otan партиясының жаңадан сайланған Төрағасы.
Айта кейтейік, партия Төрағасы депутаттық сауалдардың ресми емес, тұрғындардың нақты мәселелерін көрсететін болуы керектігін ескертті.