Коронавирус • 30 Қаңтар, 2022

500 мыңнан аса жасөспірім «Pfizer»-дің І дозасымен егілді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел өңірлерінде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

500 мыңнан аса жасөспірім «Pfizer»-дің І дозасымен егілді

29 қаңтардағы мәліметке сәйкес, аталған препараттың І дозасын – 624 373 адам, ІІ дозасын 327 717 адам салдырды.

Оның ішінде, І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 509 227

- жүкті әйелдер – 25 656,

- бала емізетін әйелдер – 80 038.

ІІ компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 266 763,

- жүкті әйелдер – 15 804,

- бала емізетін әйелдер – 45 143.