Коронавирус • 30 Қаңтар, 2022

Қазақстанда 8,7 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 182 136 адам, 2-ші компонентін 8 751 872 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 8,7 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Тұрғындарды вакциналау қарқыны жоғары өңірлер:

- Түркістан облысы – 1 040 753 (28 қаңтардағы мәлімет – 1 040 466 адам);

- Алматы қаласы – 1 033 000 (1 032 670);

- Шығыс Қазақстан облысы – 904 490 (904 469);

- Алматы облысы – 863 566 (863 186);

- Жамбыл облысы – 596 495 (594 633).

Елордада коронавирусқа қарсы толық егілгендер саны – 453 976 (28 қаңтардағы мәлімет – 453 861 адам)