Жергілікті БАҚ таратқан ақпарат бойынша оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Олар арнайы құралдардың көмегімен алдыңғы есікті бұзып ашып, ішке кірген.
Қалалық ТЖД хабарлағандай, пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өлімнің алдын-ала себебі - көміртегі тотығымен улану.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.