Аймақтар • 31 Қаңтар, 2022

Алматы әуежайында рейстер кейінге шегеріліп жатыр

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласына қою тұман түсіп, соның салдарынан әуе рейстері кейінге шегерілуде, деп жазады Egemen.kz.

Алматы әуежайында рейстер кейінге шегеріліп жатыр

Әуежайдың онлайн рейстер кестесіне сәйкес, бүгін 12 рейс кешігі жатыр. Оның ішінде Нұр-Сұлтаннан бес ұшақ кешігіп жатыр. Бұл бағыттағы рейсті қазақстандық төрт әуекомпаниясы орындайды: Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT.

Сондай-ақ, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігіп жатыр. Бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазған бағытына ұшуы керек болған.