Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022

Президент Мемлекеттік хатшының өкілеттігін кеңейтті

1243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Мемлекеттік хатшының өкілеттігін кеңейтті

Президенттің 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерге ие:

Президент жарлығымен мемлекеттік хатшының бұрынғы функцияларына жаңа өкілеттіктер қосылды.

Енді мемлекеттік хатшы Қазақстан президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстар әзірлейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен парламент және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынаста президенттің атынан өкілдік етеді.

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.

Бұған қоса "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы:

  • әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорттың;

Мемлекет басшысы жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия;
  • Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия;
  • Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия;
  • ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссия;
  • Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия;
  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия;
  • әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия;
  • Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия;
  • Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия;
  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді.

Президент тапсырмасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.