Ауа райы • 01 Ақпан, 2022

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 1-ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, сейсенбіде Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық ауа ағындары өтуінің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Көбінесе қар жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстік жартысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын, жел 15-20 м/с, өңірдің солтүстігіндегі жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде - тұман, облыстың шығысында-15-20 м/с жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктері аудандарында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.