Синоптиктердің болжамына сәйкес, ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады.
Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.
Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп жауады.
Ақпанның алғашқы 10 күннің басында Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады және жауын-шашын аз жауады, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалынан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман және көктайғақ болады.
Республиканың қалған аумағында да жауын-шашын жауады, жел болады.
Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында елдің оңтүстігі мен батысында күндіз ауа температурасы көтеріледі.
Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10...-20°С-тан -5...-13°С-қа дейін, күндіз -5...-15°С-тан 0...-8°С-қа дейін аяз болады.
Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура түнде -18...-23°С-тан -12...-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28...-33°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -10...-15°С-тан -5...-10°С-қа дейін жоғарылайды.
Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасын, оңтүстігінде кей күндері шаңды дауыл болады.
Кей күндері Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның әсерінен температура төмендейді:
батыста және солтүстік-батыста түнде -12...-22°С-қа дейін, күндіз -3...-10°С-қа дейін;
солтүстік жартысында түнде -20...-35°С-қа дейін, күндіз -13...-18°С-қа дейін;
оңтүстік жартысында түнде -8...-15°С-қа дейін, күндіз -5...+3°С-қа дейін.
Кей күндері температура жоғарылайды:
батыста түнде -5...+1°С-қа дейін, күндіз +2...+8°С-қа дейін;
солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -3...-15°С-қа дейін, күндіз -6...+3°С-қа дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5...+5°С дейін, күндіз +5...+12°С дейін көтеріледі.