Қоғам • 01 Ақпан, 2022

«Қазақстан халқына» қорына тағы 16 миллиард теңге түсті

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар қазақстандық компаниядан «Қазақстан халқына» қорына тағы 16 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқына» қорына тағы 16 миллиард теңге түсті

29-31 қаңтар аралығында ақша аударғандар:

  • Altyntau Kokshetau АҚ - 6 миллиард 470 миллион теңге;
  • «Қазмырыш» ЖШС - 5 миллиард 855 миллион теңге;
  • «КаР-Тел» ЖШС - 2 миллиард теңге;
  • «Жәйрем КБК» АҚ - 675 миллион теңге;
  • Цхай Яков Андреевич - 500 миллион теңге;
  • AlSolutions ЖШС - 300 миллион теңге;
  • «САУТС ОЙЛ» ЖШС - 200 миллион теңге.

Бүгінде қорда 109,3 миллиард теңге жиналған. Бұл қаражат биыл 16-31 қаңтар аралығында түскен.

Бұған дейін қорға жылына кемінде 100 миллирд теңге мөлшерінде ақша жиналады деп болжанған болатын. Болжамдық есептеулерге сәйкес, ол шетелдік және халықаралық компаниялардан түсетін қаржы есебінен толығады.

Еске салайық, қор 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Ұйымның негізгі міндеті - мұқтаждарға, зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету, гуманитарлық бағыттарды дамыту.