Қоғам • 01 Ақпан, 2022

Жас кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жастар» ғылыми зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесіп, «Кәсіпкерліктегі жастар: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында сараптамалық пікір-талас алаңын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?

Бизнес, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен жастарды кәсіпкерлік қызметіне тарту жөнінде түрлі сұрақтары талқыланды.

Пікір алмасу барысында «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының басшысы Шужеева Азиза мемлекеттің көмегімен бизнес аша алатын жастардың санын анықтау қажеттілігін атап өтті. Оның пікірінше, жастар кәсіпкерлігі үшін бірыңғай инфрақұрылым құру қажет.

«Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Шандрыга Анастасия ауыл жастары арасында кәсіпкерлікті дамытудағы мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде: бастапқы капитал, микрокредит алуға шектеулі қолжетімділік, орта арнаулы білім берудің, қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейі. Сонымен қатар ол «Бастау бизнес» бағдарламасының 5 жылда табысты болғанын атап өтті, оның арқасында жастар, атап айтқанда, жұмыссыз жастар бизнес жүргізу бойынша білім мен дағдыларды игере алады.

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Дигай Дамир студенттерді «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысу үшін оқытып, оларды бағдарлама санаттарының бірі ретінде енгізуді жүйелендіру қажеттілігін атап өтті.

Кәсіпкерлер Кәрімов Шыңғыс пен Шенберг Галина 2019 жылы «Атамекен» ҰКП гранттар конкурсына және «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысу тәжірибесі, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» шеңберіндегі гранттар конкурсы туралы айтып берді.

Шыңғыс Кәрімовтың пікірінше, «Атамекен» ҰКП тарапынан өз ісін ашуға бөлінген қаражатты тиімді іске асыруға бақылауды күшейту қажет. Кәсіпкер Шенберг Галина Қазақстанда өндірілген тауарларды және жалпы қазақстандық брендті танымал ету және ілгерілету қажеттілігі бар деп санайды.

Галинаның пікірінше, жас кәсіпкерлер арасында өз бизнесін дамыту стратегиясы мен жоспарлау тәжірибесінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ білікті мамандардың болмауы және халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы кадрларды іріктеу мүмкіндігі сияқты проблемалар бар.