19 Наурыз, 2014

Кәсіпкерлер ризашылығы

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысының шағын және орта бизнес өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Авторлар Мемлекет басшы­сы қол қойған «Қазақстан Рес­пу­бликасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөнін­­де­гі түбегейлі шаралар туралы» Жарлық аясында қабылданған шешім үшін ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, Текелі қала­­сындағы «Кактас» ЖШС дирек­­торының орынбасары Н.Гонтей шағын және орта бизнес субъек­тілерін жоспарлы тексеруге мора­­то­­рийді қажетті шара және биз­нес­­­мендерді нақты қолдау деп біледі. «Мрамор-Тас» ЖШС атқа­­­­рушы директоры М.Қап­са­лаев тексеруге мораторий кәсіп­кер­лерге шынайы қамқорлықты көр­сететін қадам екенін атап өткен. «Бұл бізге, бірінші кезекте, көп жағдайда ешқандай негізсіз, кенеттен болатын тексерулердің кесірінен уағдаластық міндет­темелеріміз бұзылады-ау деп қорықпай, өз бизнесімізді нақты жоспарлауға мүмкіндік береді», делінген хатта. Шонжы ауылының кәсіпке­рі Р.Баратова Қазақстан Пре­зидентінің шешімі кәсіп­кер­лікті қолдаудағы жаңа түбегейлі өзге­рістердің бас­тауы болатынына сенім білдірген. Өтеген батыр кентіндегі «Жол­­­барысты» ЖШС директоры Г.Сей­тасанова Мемлекет басшысына елімізде бизнестің даму мәсе­­­лелеріне тұрақты көңіл бөліп отырғаны үшін рахметін айтады. «Тексерулерге мораторий бізге қызметкерлеріміздің от­ба­сыларының әл-ауқатын арт­ты­руға, ортақ үйіміз – Қазақстан Респуб­ликасының экономикасын көте­руге септігін тигізетін қазіргі жоба­ларымызды жүзеге асыруға және жаңаларын әзірлеуге ден қоюға мүмкіндік береді», деп жазады автор.