Әлем • 01 Ақпан, 2022

«Булл ин Барн Юнайтед» Роберто Карлосты 5 фунтқа сатып алды

1213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роберто Карлос бір матч үшін мансабын қайта бастайды. Бразилиялық футболшыны «Булл ин Барн Юнайтед» командасы 5 фунтқа сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Булл ин Барн Юнайтед» Роберто Карлосты 5 фунтқа сатып алды

Бразилиялық футболшы Англияның сыра лигасындағы «Булл Ин Барн Юнайтед» командасы сапында жасыл алаңға шығады. Бұл – жергілікті барлар мен мейрамханалар демеушілік ететін командалар қатысатын әуесқой жарыс.

Иә, әуесқой клуб арманына жетіп, «Арман трансфері» аясында аңыз футболшыны бір ойын үшін қатарына қосты. Жарыстың ережесіне сәйкес, қатысушы команда 5 фунт төлейді. Ал додада жеңімпаз атанған ұжым құрамына кәсіпқой футболшыны қосу мүмкіндігіне ие болады. Ал трансферді eBay ұйымы жүзеге асырады. Дегенмен Роберто Карлос жасыл алаңға әуесқой команданың негізгі құрамында шықпайды. Алаңдағы ойыншылардың бірін алмастырып қана ойынға араласа алады.