Елорда • 01 Ақпан, 2022

Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, қаланың қай эпидемиологиялық аймағында орналасқанына қарамастан, келесі объектілер өз қызметін тек «жасыл мәртебесі» бар келушілер үшін ғана жалғастырады: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни нысандар. Бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты.

Ал «көк» және «жасыл» мәртебесі бар азаматтар келесі объектілерге кіре алады: театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер, ЖОО, колледждер, орта білім беру ұйымдары, қоғамдық тамақтану объектілері.

«Елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, критерийлерге сәйкес, балаларды сауықтыру орталықтары, театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер, мейрамханалар, дәмханалар, кинотеатрлар толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істейтін болады», деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.