Әлем • 02 Ақпан, 2022

«Талибан» жетекші лауазымдарға әйелдерді тағайындады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан билігі басып алынғаннан бері «Талибан» радикалды исламистік қозғалысы алғаш рет әйелдерді басқарушы лауазымдарға тағайындай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Талибан» жетекші лауазымдарға әйелдерді тағайындады

«Известия» басылымында атап өтілгендей, дәрігер Малалай Рахим Кабулдағы «Малалай» мамандандырылған перзентханасының директоры болып тағайындалды.

Бұл Ауғанстандағы жалғыз акушерлік-гинекологиялық мекеме.

Ал дәрігер Ариан Шахрара Ауғанстан астанасында орналасқан  гинекологиялық клиниканың директоры болып тағайындалды.

Айта кетсек, перзентхана мен гинекологиялық клиникада ана өлімі жиі тіркеледі.

«ТАСС» хабарлағандай, аталған тағайындаулардан бұрын радикалдар бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізді, онда, атап айтқанда, әйел жынысты өкілдердің елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мәселесі көтерілді.

Еске салсақ, 2021 жылдың күзінде Ауғанстан билігін өз қолдарына алған тәлібтер әйелдер министрлігін таратып, қыздардың мектептерге кіруін шектеді, ал тележүргізуші әйелдерге хиджаб кию міндеттелді.