Аймақтар • 02 Ақпан, 2022

Петропавлда халықты жұмыспен қамту орталығының экс-директоры сотталды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қалалық сотында халықты жұмыспен қамту орталығының экс-директоры мен оның екі сыбайласына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда халықты жұмыспен қамту орталығының экс-директоры сотталды

Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, бірнеше рет пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған. Іс материалдарында сотталушы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры бола отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында екі көмектесуші арқылы жеке тұлғалардан жалға берілетін тұрғын үй бергені үшін бірнеше рет пара алғаны айтылған. Прокурор сотталушыға тиісті органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру, көмектесушілерге қатысты 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Айыпталушылар кінәсін мойындамай, олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін өздерін ақтауды сұрады.

«Бірнеше рет жасалған айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыппұл түрінде жаза немесе 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сот сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға, атап айтқанда соттылықтың болмауы, көмектесушілердің біріне қатысты кішкентай баланың болуына қарады. Сот үкімімен жұмыспен қамту орталығының экс-директоры 8 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, ал оның сыбайластары – 7 жылға бас бостандығынан айырылып, әрқайсысы орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп, 5 жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», деп хабарлады Петропавл қалалық сотында.