Қазақстан • 02 Ақпан, 2022

Президенттің Арнайы өкілі дипломатиялық вебинарға қатысты

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл АҚШ-тың Каспий өңірі елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай Вашингтондағы Caspian Policy Center аналитикалық орталығының алаңында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның қатысуымен вебинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің Арнайы өкілі дипломатиялық вебинарға қатысты

Іс-шараға АҚШ-тың оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының көмекшілері Дональд Лу және Еуропа мен Еуразия істері бойынша Карен Донфрайд, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның жоғары өкілдері қатысты. Кездесудің модераторы АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд болды.

ҚР Президентінің Арнайы өкілі Ержан Қазыхан Каспий өңірі елдерінің АҚШ-пен ынтымақтастығын дамыту үшін елеулі әлеуеті барын атап өтті.

«Біз АҚШ-пен бірқатар негізгі бағыттар бойынша, соның ішінде терроризмге және қауіпсіздіктің басқа да сын-тегеуріндеріне қарсы күрес, транзиттік-көлік жүйесін әртараптандыру, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл жасау, әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша іс жүзінде өзара іс-қимыл жасау үшін тиімді мүмкіндіктерді көріп отырмыз», деді Ержан Қазыхан.

Қазақстандағы қаңтар оқиғалары жөнінде Ержан Қазыхан Мемлекет басшысының елдің саяси, экономикалық және институционалдық жаңғыруын жалғастыруға деген берік ұстанымын ерекше атап өтті.

«Жақын арада жаңа кабинет 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын ұсынады. Осылайша, жаңа экономикалық саясат жаңа Қазақстанның негізіне айналады», деп түйіндеді ол.

Қазақстанда болған оқиғалар Д. Лу ұсынған баяндамасының да басты назарында болды. Ол ҚР басшылығының одан әрі саяси және экономикалық қайта құрулар бағытын жалғастыруды қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

«Батыстың міндеті - Қазақстанды үйрету емес, қолдау және елге қаңтар айында туындаған адам құқықтары мәселесін түсінуге мүмкіндік беру және болашақта мұндай жағдайдың алдын алу үшін қажетті әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды одан әрі дамыту», деді Д. Лу.

Жалпы, вебинарға қатысушылар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогты одан әрі дамыту мақсатында аймақ елдерінің АҚШ-пен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

пр

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25