Әлем • 02 Ақпан, 2022

Норвегия карантин шектеулерін жеңілдетті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стёре елдегі COVID-19 шектеулерін жеңілдететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Норвегия карантин шектеулерін жеңілдетті

«Бүгін біз инфекцияға қарсы ұйымдастырылған іс-шараларды азайта алатын деңгейге жеттік», деді Стёре. 

Ол Норвегиядағы вакцинация жұмыстарының жоғары деңгейі және «Омикрон» штамының кең таралмауы шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік бергенін айтты. 

Жаңа жеңілдіктер сейсенбі күні сағат 23:00-ден бастап күшіне енді.