Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кубалық дипломаттың екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Олар екі елдің денсаулық сақтау, биотехнология, туризм салаларындағы перспективаларын талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін білдірді.