Қазақстан • 03 Ақпан, 2022

Ресей ұшағы Қызылордаға шұғыл қонды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербургтен Самарқандқа ұшқан ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Қызылордаға шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей ұшағы Қызылордаға шұғыл қонды

Санкт-Петербург-Самарқанд бағыты бойынша AFL-2870 рейсін орындаған «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Қазақстанға шұғыл қонды. Бортында 56 жолаушысы бар әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 10:56-да Қызылорда қаласының әуежайына қонды.

Қонуға Өзбекстан Республикасының азаматшасы себеп болды, ол жүрек ауруына байланысты шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды.

Экипаж ұшақты жақын маңдағы әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады. Аэродромға қонғаннан кейін жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.