Экономика • 03 Ақпан, 2022

«Қазақстан халқына» қоры соңғы тәулікте 1,2 млрд теңгеге толықты

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан халқына» қорына соңғы тәулікте 1,2 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқына» қоры соңғы тәулікте 1,2 млрд теңгеге толықты

2 ақпанда қомақты қаражат аударғандар:

Тимур Турлов - 500 млн теңге;

Дінмұхамед Ыдрысов - 300 млн теңге;

Ғалымжан Есенов – 250 млн теңге;

«Бағыстан» ЖШС - 100 млн теңге;

«VERTEX TRANS» ЖШС - 20 млн теңге; 

«Эдельвейс Транс» ЖШС – 20 млн теңге .

«Жалпы, бүгінгі таңда қорға 113,4 млрд теңге аударылған. Бұл қаражат 16 қаңтар мен 2 ақпан аралығында түсті», деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қор жылына кемінде 100 миллиард теңге көлемінде қаражат жинайды деп болжанған болатын.