Оқиға • 04 Ақпан, 2022

Талдықорғанда ерлі-зайыпты екі баласымен бірге өлі табылды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында ерлі-зайыпты екі баласымен бірге өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда ерлі-зайыпты екі баласымен бірге өлі табылды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, бір отбасы мүшелерінің денелері 2 ақпан күні Талдықорған қаласы Еңбек ауылында табылды.

«Бір отбасынан 4 адамның денесін жергілікті тұрғындар жеке үйдің ауласында орналасқан уақытша тұруға арналған үйшіктен тапқан. Екі ересек адам – 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары туған балалары мерт болды», деп мәлім етті ведомстводан.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының барлық мүшесі 2-3 күн бұрын көз жұмған.

«Өлім себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді облыстық ТЖД-дан.