Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астана қаласындағы «Шанхай» дәмханасында прокуратура қызметкерлері қатысқан жанжал орын алған еді. Онда дәмхана қызметшілері мен прокуратура қызметкерлері өзара кикілжіңге барып, аяғы ұрыс-керіске айналған жанжал туындаған болатын. Сонда бұл әдепсіз қылық, анау-мынау емес, елдегі заңдылықтың сақталуын қадағалайтын, жұрт ісіне де, сөзіне де сенім білдіріп жүрген бірден-бір құзырлы орган атына кір келтіргені де анық еді. Ал қоғамдық орында кім болса да теріс қылық көрсеткендер заңға сәйкес жазалануы тиіс дейміз. Оның үстіне прокуратура қызметкерлерінің мұндай заңсыздыққа салынуы мүлдем төзгісіз жағдай екені сөзсіз. Сондықтан да болса керек, Бас прокуратураның баспасөз қызметі бізге хабарлағандай, бұл өрескел оқиғадағы жазықтылар жазаланыпты. Яғни қызметтік тексерістің қорытындысына сәйкес, прокуратура қызметкерлерінің Ар-намыс кодексінің нормаларын өрескел бұзғандығы және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының бұйрығымен Астана қаласының «Есіл» ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылған, ал Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасы бастығының 3 наурыздағы бұйрығымен осы басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан қызметтен шығарылған. Сондай-ақ, өз бағыныштыларына тиісті бақылау жасамағаны, яғни сенім артқан бөлімше қызметкерлерінің прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасауына әкеліп соқтырғаны үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен ҚСжАЕК аймақтық басқармасының бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алған. Оған қоса қоластындағы қызметкерлерінің прокуратура органдарының Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз етпегені үшін Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Біржан Мәжреновке сөгіс жарияланды. Сөйтіп, енді бұл жанжалға нүкте қойылған секілді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше