Ауа райы • 04 Ақпан, 2022

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы күтіледі — жауын-шашын, солтүстік, орталық өңірлерде қар түрінде көктайғақ, тұман, екпінді жел мен төмен бұрқасын болжанады.

Сондай-ақ бірнеше өңірде ауа температурасы төмендейді. Батыста түнде -8 аяз - 2 жылудан 0-15 градус аязға дейін, күндіз 5 аяз - 3 жылудан 10 аяз - 3 жылуға дейін, елдің солтүстік-батысында түнде 3-16-дан 7-18 аязға дейін, күндіз 0-10-нан 2-13 аязға дейін төмендейді. Ал Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының негізгі бағыты — түнде 7-20 аяз, күндіз 2-10 аяз болады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК орталық пен шығыста ауа райы қандай болатынын жариялады.

«Орталық пен еліміздің шығысында ауа температурасының көтерілуі күтілуде: түнде 10-30-дан 5-28-ге дейін аяз, күндіз 0-13-тен 8-ге дейін аяз, ал республиканың оңтүстік-шығысында түнде 3-11-ден 6 градусқа дейін аяз, күндіз 0-10-нан температураның ауытқуы, таулы аудандарда 3-8 градус аяз, 3-12-ге дейін жылу, таулы аудандарда 1-6 градус аяз. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының ауытқуы болжанады: түнде 3-11 аяздан 5 аяз - 5 жылы, күндіз 1 аяз—13 градус жылудан -3 +5 жылуға дейін», деп хабарлайды «Қазгидромет».