Оқиға • 04 Ақпан, 2022

Маңғыстау әкімінің орынбасары қамауға алынды

1182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz inAktau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау әкімінің орынбасары қамауға алынды

Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындағаны белгілі болды.

а

«Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды», деді Маңғыстау облысы Экономикалық тергеу департаментінің өкілі.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.