ТЖ орнына №1 және № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, облыс орталығының № 3 өрт сөндіру бөлімінің және СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімшелері дереу жетті.
Өртсөндірушілер жеткенде ғимарат ашық жалынға оранып, мешіт пен тұрақта тұрған автокөлікке қауіп төнген еді. Жедел қимылдаған өрт сөндірушілер оттың таралуына жол берілмеді. Өрт орнынан жеті 50 литрлік газ баллоны эвакуацияланды.
От бір сағаттың ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек 2 жеңіл автокөлік ішінара зақымданды, ауданы 15 шаршы метр шаруашылық құрылысы өртенді. Қазір өрттің шығу себебі және келтірілген шығын мөлшері анықталуда.