Қысқы спорт • 04 Ақпан, 2022

2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

1577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір Бейжің қаласында 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Дүбірлі додаға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады. Әлемдік спорттық додада спортшылар саны бойынша АҚШ, Ресей мен Канада көш бастап тұр. Мәселен, АҚШ-тан 223 адам дүбірлі додада бәсекеге түссе, Ресейден – 212, Канадан – 211 спортшы жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ Қытайдан 171 спортшы қатысады, одан кейінгі орындардағы Швейцариядан – 168, Германиядан – 148, Жапониядан – 122, Швециядан – 116, Чехиядан – 114, Италиядан – 112, Австриядан – 108, Финляндиядан – 96, Франциядан –85, Норвегиядан – 52, Ұлыбританиядан – 50, Украинадан – 45, Австралиядан – 44, Оңтүстік Кореядан – 38, Қазақстаннан – 34, Беларусьтен – 28 саңлақ ел намысын қорғайды.

Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі.

Мамандардың айтуынша, қазақстандық спортшылар фристайл-могул, фристайл-акробатика, шорт-тректе жүлде қорын толықтыруы мүмкін.

Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көрсетілуде.