«Әбдіжәміл аға ұлттық әдебиетімізді жаңа биікке көтерген, сол жолда бүкіл ғұмырын сарп еткен үлкен жүректі қаламгер еді. ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен небір зобалаңның куәгері болды. Соғыс жылдарында да қан майданның ортасынан табылды. Соның бәрінде тағдырына еш мойымай, ірілік пен өрліктің озық үлгісін көрсетті.
Жазушының қаламынан туған «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары және басқа да шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған қымбат қазына болып қала береді. Ағамыздың жарқын бейнесі әрдайым біздің жадымызда асқақ қалпында сақталады.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», деп жазды Мәулен Әшімбаев Instagram желісінде.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақтанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейсіовтің жақындары мен отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше