Қазақстан • 05 Ақпан, 2022

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі. Шығыстан батысқа ауысатын жел, облыстың орталығы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, солтүстікте, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында күндіз боран соғады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ. Облыстың батысы мен оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда оңтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да көп. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше