Ғалымдардың болжауынша, жер шары 12 млрд адамды асырауға қауқарлы. Ал былтырғы статистика бойынша дүние жүзіндегі халық саны 8 млрд-қа жуықтады. Демек, енді аз жылда адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Онсыз да қазір жылына миллиондай адам аштықтан қайтыс болады екен.

Гендік инженерия саласының мамандары алдағы 50 жылда дүниежүзі азық-түлік тапшылығын тартуы мүмкін екенін айтады. Өйткені табиғи қор азайып барады. Азық-түлік жасанды жолмен көбейтіліп жатыр. АҚШ, ҚХР сияқты елдердің гендік модификацияланған өнімдерге көбірек ден қоя бастауы да сондықтан. Өйткені бір ағзаның геніне бөгде бір ағзаның генін енгізіп, шағылыстыру арқылы жасалған өнім суыққа үсімейді, ыстыққа бұзылмайды. Демек, жарамдылық мерзімі ұзаққа баратын өнімдерді көп күнге тұтынуға болады. «Махаббат пен аштық әлемді билейді» демекші, осы гендік түрлендірілген өнімдердің әу бастағы мақсаты да адамзатты аштықтан құтқару үшін шығарылған еді.
Тамақ қорын молайту үшін ойлап табылған тәсілді қазір жер шарының бәрі дерлік қолданады. Мұны енді азық-түлік тапшылығын алдын алудың бір қадамы деп түсінуге болады. Қазір көптеген мемлекет тағамды үнемдеуге көшіп жатыр. Мысалы, Франция тамақты далаға тастауға және азық-түлікті жарамдылық мерзімі біткенше ұстап тұруға қатаң тыйым салды. Заң бұзушылар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді. Айталық, азық-түлік сататын сауда үйлері мен дүкендер тағамның қолданылу мерзімі бітпей тұрып, мұқтаж жандарға үлестіруі тиіс. Егер өнімнің сыртқы қаптамасына нұқсан келсе де ондай тағамды тегін таратуы керек.
Франция сауда саласындағы мұндай заң қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Заң қабылдаушылардың пікіріне қарағанда, мұндай заң кемі 10 млн адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Былтыр Қытай да тамақ қалдығын тастағандарға айыппұл салатын заң енгізді. Бұл қадамға олар амалсыз барды. Өйткені қытайлар да қазақтар сияқты аста-төк дастарқан жасап, дәмді тамақтанғанды тәуір көреді. Бұл олар үшін – ысырапшылдық емес, байлық пен тоқшылықтың белгісі. Алайда соңында желінбей қалған тамақ қалдықтары қоқысқа тасталады. Жүз миллиондаған халықты қалай асыраймыз деп басы қатқан Қытай билігі 2020 жылдан бастап нақты әрекетке көшті. Өйткені дәл пандемия кезінде азық-түлікті үнемдеу, ысырапшылдыққа бой алдырмау аса маңызды еді. Осыған байланысты мейрамханалар мен дәмханаларда арнайы акциялар өтті. Қоғамдық орындарға тамақтануға келгендерді тамаққа азырақ тапсырыс беруге үгіттеу басталды. Қытай даяшылары меймандардан бұрынғыдай «тағы қандай тағамға тапсырыс бересіз?», деп емес, «Мүмкін, бұл тапсырғаныңыз да жеткілікті болар...», деп сұрайтын болды. Осылайша, тамақты ысырап ететіндерге қарсы арнайы заң қабылданып, құжат былтыр сәуір айында күшіне енді.
Азық-түлікті үнемдеу үшін Қазақстанда да мұндай айыппұл түрін енгізу керек шығар, бәлкім. Әсіресе, қалалықтар тамақты көп ысырап етеді. Қоқыс жәшігіне тасталып, жерде шашылып жататын тамақ қалдықтары – соның көрінісі. Бұрын әжелеріміз «обал болады» деп нан қоқымына дейін тастатқызбайтын. Жерде тағам қалдығы шашылып жатса, «тоқшылықтың да бір аштығы болады, жерге тастаушы болмаңдар», деп аяқ астынан алып, жоғары қойып жататыны есімізде. Қазіргі үлкендер балаларына, немерелеріне сол жақсы қасиетті үйрете ме екен?!
Ислам дінінде де ысырапшылдықты құп көрмейді. «Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер», делінген шариғатта.
Қазақ – болмысынан қонақжай халық. Бір қонақ келсе, барымызды аузына тосып, аста-төк дастарқан жасаймыз. Халқымыз артылған тағамды тастамаудың да жолын ойластырып қойған. Мысалы, сарқыт беру дәстүрі содан қалған. Бұл – үйдің дәмінен ауыз тисін деген сыйластық қана емес, ысырап болмасын деген ниет те. Ал қазір сол қонақжайлығымыздың соңы ысырапшылдыққа ұласып жатыр. Сондықтан қазақстандықтарды тамақты қалай болса солай тастамау, азық-түлікті үнемдеуге үгіттейтін арнайы шаралар, акциялар қажет-ау. Қаншама тамақты обалды қылып қоқысқа апарып тастайтындарға айыппұл қарастырылса да артық емес.
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті
Руханият • Бүгін, 12:17
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:05
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Спорт • Бүгін, 11:59
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Ұқсас жаңалықтар