Финалда Португалия құрамасы Ресейді 4:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Ал Қазақстан құрамасы ширек финалда Украинаға есе жіберді.
Бірақ қазақстандық Біржан Оразов турнирдің үздік сұрмергені атанды. Оразов 4 ойында 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Тізімде екінші орын алған ресейлік үш ойыншы - Антошкин, Чишкала және Соколовтың еншісінде 5 голдан бар.